Accessibility links

Бүгін оппозициялық саясаткерлерге қарсы соттың ашық отырысы басталады


Наурыздың 12-і күні сағат 14.30-да Алматының Алмалы аудандық сотында «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбіловке, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметовке және Қазақстан Коммунистік партиясының хатшысы Төлен Тоқтасыновқа қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша соттың алғашқы ашық отырысы басталуы тиіс.

Істі қарайтын судья Райхан Әшкеева, наурыздың 3-і күні өткен жабық отырыста, айыпталушы жақтың қорғаушыларының қылмыс құрамы жоқ болғандықтан бұл істі доғаруды сұрап берген өтінішін қанағаттандырмай тастаған болатын.

Қазақстанның заң орындары оппозиция қайраткерлеріне «ауыр қылмыс жасағандарды елден қашырып, Украинада жасыруға жәрдем жасады» деген айып тағып отыр. Оппозиция өкілдері оны «саяси астары бар, қолдан жасалған айыптау» деп бағалайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG