Accessibility links

Конституциялық кеңес дін туралы заңнамаға қатысты шешімімен Президенттің келіскенін хабарлады


Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы өз шешімімен Қазақстан президентінің келіскенін хабарлап отыр.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен хабарлауынша, Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің шешімімен келісті және Республика Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен оған қарсылық енгізбейді", - деп хабарланды Конституциялық Кеңестің веб-сайтында.

Ал, осы мәселе жөнінде сауал қойған Азаттыққа президенттің баспасөз қызметіндегілер бұл ақпаратты не растап, не жоққа шығарған жауап айта алмады.
XS
SM
MD
LG