Accessibility links

Діни миссионер Елизавета Дреничева түрмеден шықты


Оның адвокаты Берікхан Ыдырысов Алматының тергеу абақтысынан Елизаветаны сәрсенбі күні кешке босатқанын хабарлады.

«Ол заң бойынша белгіленген мерзімнен бір тәулік кешігіп еркіндікке шықты», - деді адвокат Азаттық радиосына.

Алматы қалалық соты екі айдан астам уақыт абақтыда қамауда отырған Елизавета Дреничеваны дереу бостандыққа шығару туралы шешімді наурыздың 10-ы күні қабылдаған болатын. Алайда сол күні кешке жақын ғана сот шешімі қолына тиген адвокат аталмыш құжатпен тергеу абақтысына жеткенде, оның бастығы кетіп қалған екен.

Қорғаушы Б.Ыдырысов соттың шешіміне қанағаттанбайды. Елизавета Дреничева еш жазығы жоқ бола тұра айыпты ретінде сот үкімімен 2 жылға түрмеге қамалғанын айтқан адвокат, жақын күндері баспасөз маслихатын өткізетінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG