Accessibility links

Шығыс Қазақстанда қатты дауылдан күре жолдар жабылды


Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар қызметі қатты дауыл тұруына байланысты Өскемен-Георгиевка-Аягөз және Өскемен-Зыряновск автокөлік жолдарын уақытша жапты.

Төтенше жағдайлар қызметі, наурыздың 12-13 күндері аймақтағы желдің жылдамдығы 12-17 м/с, кей жерлерде 20-22 м/с дейін күшейіп, дауылдың екпіні 33-35 м/с жетуі ықтимал екендігін хабарлап, бұл күндері елдімекендерден тысқары шықпауды ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG