Accessibility links

Forbes журналының биылғы тізімінде былтырғы қазақстандықтардың кейбірі жоқ


Былтыр әлемдегі ең бай адамдардың қатарында есімдері аталған Владимир Ким (былтыр оның дәулеті 4,7 млрд. долларға бағаланған), Тимур мен Динара Құлыбаевтар (әрқайсысында 2,7 млрд. доллар), Нұржан Сұбханбердин (1,8 млрд.доллар) және Болат Өтемұратов (1 млрд. доллар) биылғы тізімде жоқ.

Тізімде қалған Еуразиялық үштіктің (Патох Шодиев, Александр Машкевич және Алиджан Ибрагимов) байлығы үш есеге жуық кеміп кетіпті – былтыр олардың әрқайсысы 3,3 млрд. долларға ие болса, биыл әркім 1,2 млрд. долларды қанағат тұтып қалыпты.

Дегенмен, биылғы жаңалық – тізімде тағы бір қазақ азаматының аты-жөні жүр: 701-ші орында Қазақстанның «ЦентрКредит» банкі иелерінің бірі Бақытбек Байсейітов тұр, оның дәулеті 1 млрд. АҚШ долларын құрайды деп көрсетілген.

Ал есімі Қазақстанда жиі аталатын тегі үнді алпауыт Лакшми Миттал өткен жылмен салыстырғанда екі есеге «кедейленіп», 8-ші орынға түсіпті. Былтыр оның дәулеті 45 млрд. долларға бағаланып, тізімдегі 4-ші орыннан көрінген-тұғын.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG