Accessibility links

Бушқа аяқкиім лақтырған журналистің соты жалғасты


Бүгін Бағдадта бұрынғы АҚШ президенті Джордж Бушқа аяқкиім лақтырған журналистің соты жалғасты.

Мунтазар әл-Заиди шет мемлекеттің басшысына қарсы агрессивті әрекет танытқаны үшін айыпталып, егер айыбы дәлелденсе 15 жылға түрмеге жабылуы мүмкін.

Сот отырысы ақпан айында басталған болатын, бірақ желтоқсан айында Ираққа келген Буштың сапары ресми болған-болмағанын анықтау үшін кейінге қалдырылған.

Заңгерлер теледидар арқылы ол баспасөз мәслихатында әл-Заидидің күтпеген жерден аяқкиім лақтыру әрекеті Бушқа қарсы дегенді білдірмейді деп, сондықтан соттан оны босатуды сұраған. Ол лақтырылған аяқкиім Бушқа тимей қалған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG