Accessibility links

Пәкістан ел оппозициясының шеруін күшпен басуда


Пәкістандық оппозиция қолдаушылары елде үкіметке қарсы жаппай шеру бастап, оның шарықтау шегі ретінде дүйсенбі күні Исламабадтағы парламент үйі алдында митинг өткізуді жоспарлап отыр.

Хабарларға қарағанда, Синд және Пинжаб өлкесінде үкіметке қарсы жүздеген белсенді мен заңгер қамауға алынды.
Шерушілер 2007 жылы бұрынғы президент Первез Мушарраф кезінде қызметінен алынған жоғарғы сот төрағасы Ифтихар Чаудриді орнына қайтаруды талап етуде. Және олардың наразылығы оппозиция жетекшісі, бұрынғы премьер министр Наваз Шариф пен оның інісін сайлауға түсуіне жоғарғы сот шектеу енгізген соң күшейіп кетті.
XS
SM
MD
LG