Accessibility links

Билікке жақын жастар Ходорковскийге қарсы шара өткізді


Бүгін Мәскеуде Кремльге жақын “Наши” жастар қозғалысының белсенділері Ходорковскийге қарсы акция өткізді. Хабарларға қарағанда, бұрынғы “Юкос” компаниясының басшысы, мұнай алпауыты Михаил Ходорковскийдің соты өтіп жатқан Хамовнический сот үйінің алдына 30 шақты жас жиналып, наразылық шарасын өткізді. Олар қолдарына Ходорковскийден жапа шектік деген адамдардың суретін ұстап шықты.
Алаяқтық жасап, салықтан жалтарды деген айыппен 8 жылға сотталған Ходорковский мерзімінің жартысына келгенде, оған миллиондаған долларды қалтасына басқан, ақша жымқырған деген басқа да айыптар тағылып отыр. Ходорковскийді жақтаушылар бұл айыптаулар қолдан жасалған, оның саяси астары бар деп санайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG