Accessibility links

Қырғыз оппозициясы билікпен келіссөздерін тоқтататын болды


Қырғыз оппозициясы үкіметпен арада жүріп жатқан келіссөздерден шығатыны туралы шешімге келді. Оппозиция мен билік арасындағы келіссөздер осы аптаның басында басталып, жұма күні қайта жалғасады делінген еді.
Ақ сұңқар партиясының жетекшісі Темір Сариевтің айтуынша, оппозиция жетекшісі әрі бұрынғы сыртқы істер министрі Әлікбек Жексенқұлов сәрсенбі күні қамаудан босатылмаған соң, олар келіссөздерді жалғастырудан бас тартып отыр. Сариев билік Жексенқұловты босатудан бас тарту арқылы өздерінің ынтымақтастыққа барғысы келмейтінін танытып отыр деді.
Жексенқұлов 2007 жылы өлтірілген түрік кәсіпкерінің өліміне қатысты қамауға алынған. Ел оппозициясы бұл қозғалған істің саяси астары бар дейді.
XS
SM
MD
LG