Accessibility links

Павлодарда бас дәрігерге қылмыстық іс қозғалды


Павлодар қаласындағы диагностикалық орталықтың бас дәрігеріне қарсы Қылмыстық кодекстің 308-ші бабы (Қызмет өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мекеменің бір топ қызметкерлерінің қаржы полициясына жазған ұжымдық шағымы бойынша жүргізілген тексеру "бас дәрігер өзінің айлық еңбек табысына қосымша заңсыз үстеме алып келгенін анықтаған", - деп хабарлады облыс прокуроры Нұрмахан Исаев БАҚ өкілдеріне.
XS
SM
MD
LG