Accessibility links

Адам саудасына қарсы арнайы шара жалғасуда


Қазақстан Ішкі істер министрлігі «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар ұйымымен бірге «Адам саудасының құрбаны болма» республикалық акциясын өткізіп жатыр. Қазақстандағы АҚШ елшілігі қаржылық қолдау көрсеткен бұл шараның мақсаты – адам саудасы, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысуға тарту, адамдарды ұрлау және пайдалану секілді қылмыс түрлеріне қарсы күресу болып табылады. Шара наурыздың 20-сына дейін жалғасады.

Былтырғы жылы ішкі істер органдары елде адам саудасының 20 оқиғасын (соның ішінде 5-уі – кәмелетке толмаған балалар саудасы) анықтаған. Адамдарды пайдалану мақсатында ұрлағаны үшін 4, жезөкшелікпен айналысуға тартқандардың үстінен - 11 және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар мен жеңгетайлық ұйымдастырғандарға қарсы 226 қылмыстық істер қозғалған.

Ал биылғы жыл басынан бері адам саудасы үшін - 7, соның ішінде кәмелетке толмағанды саудалағаны үшін - 4, адам ұрлағаны және пайдалану мақсатымен бас бостандығынан заңсыз айырғаны үшін - 2, жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұстағаны үшін 35 қылмыстық іс қозғалып, тергелуде, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG