Accessibility links

Шығыс Қазақстанда ондаған автокөліктегі адамдар қарлы боранда далада қалды


Бейсенбіде, Өскемен - Қалбатау жол бөлігінде, 83 адам мінген екі автобус пен 50-ден астам автокөлік қарлы боран кесірінен далада қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, құтқару шараларына кіріскен. 13-ші наурызда түндегі мәлімет бойынша, 55 жолаушы эвакуацияланып, жол бойындағы дәмханаларға орналастырылып, жылу және тамақпен қамтамасыз етілген. Далада қалғандарға азық-түлік өнімдері мен су, жанар-жағармай, жіберілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.

12-ші наурызда Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты Өскемен - Алматы, Өскемен - Семей, Өскемен - Зыряновск, Өскемен - Аягөз және Семей - Көкпекті бағытындағы жолдар уақытша жабылған болатын.

ТЖ қызметі аталған аймақта жұма күні де қатты боран соғатынын ескертіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG