Accessibility links

Халық Банктың мүлкі мен қаржысы тұтқындалған


Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамы бейсенбі күні өзінің ресми сайтында, Банкке қарсы берілген талап шегінде 12 138 852 теңгенің мүлкі мен қаржысы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының наурыздың 2-сі күні шығарған анықтамасы бойынша тұтқынға алынғаны туралы ақпарат ілді, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Банктың баспасөз қызметі бұл ақпараттан басқа түсінік беруден бас тартып отыр.

Қазақстандағы ең ірі төрт банктың бірі болып табылатын Халық Банкінің активі былтырғы жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткішпен 1,8 трлн теңгені, ал жеке капиталы – 192,7 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде Банктың таза пайдасы 17,7 млрд теңге болды.

Биылғы қаңтар айының соңында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан жәрдем ретінде Халық Банкке 120 млрд теңге бөлінген.
XS
SM
MD
LG