Accessibility links

Еңбек заңдылығын бұзғаны үшін «Қазақмыс» корпорациясы әкімшілік жазаға тартылды


«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жезқазғантүстіметал» өндірістік бірлестігінің бір топ қызметкері өздерінің еңбек құқығына байланысты прокуратура мен мемлекеттік еңбек инспекциясына шағым түсірген, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Тексеру барысында, кәсіпорын әкімшілігі 213 адамды жұмыстан қысқарту туралы бұйрықты еңбек заңдылығы мен ұжымдық келісім-шарттың талаптарына қайшы, кәсіподақпен келісімінсіз, жұмысшылар өкілдерінің пікірлерін ескерместен шығарғаны анықталған.

Прокурордың ұсынысы бойынша, бұйрықтың күші жойылып, қысқартылған адамдар корпорацияның басқа бөлімдеріне жұмысқа орналастырылған. Ал еңбек заңын бұзғаны үшін «Қазақмыс» корпорациясына әкімшілік жаза ретінде 350 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 1273 теңге) көлемінде айыппұл салынған.
XS
SM
MD
LG