Accessibility links

АҚШ Иранға тыйымын жалғастырады


АҚШ президенті Барак Обама Иранға қарсы Құрама Штаттар тыйымын кем дегенде тағы бір жылға ұзартты. Иран үкіметінің саясатында АҚШ-қа қалыптағыдан тыс қатер төндіретін сипаттар бар деді Обама. АҚШ компанияларынның бұл тыйым бойынша Иранның мұнай өндірісін дамытуға көмектесулеріне, сондай-ақ Теһранмен сауда, инвестициялық байланыс орнатуларына рұқсат етілмейді.

Аталған тыйым Иранға алғаш рет 1995-ші жылы, Клинтон әкімшілігі тұсында салынған болатын. Лаңкестік әрекеттерге қатысы бар және жаппай қырып-жоятын қару жасауда деген айыптар Иранға тағылған еді.
XS
SM
MD
LG