Accessibility links

WWW-бүгін 20-да


The World Wide Web, яғни WWW бүгін өзінің 20 жылдығын тойлауда. Британияның компютер ісі бойынша ғалымы Тим Бернерс Ли өзінің Еуропа құрлығының физикалық лабораториясы атты ұйымдағы әріптестерімен бірге 1989 жылы алғаш рет байланыс жүйесін құрған болатын. Осы жүйе арқылы әлемдегі ғалымдардың бір-бірімен ақпарат алмасулары көзделген еді. Компютер арқылы мұндай жүйенің құрылуы интернеттің пайда болуына әкелді. Бұл байланыс тәсілінің содан бастап заманауи өмір қалыбына түбірлі жаңалық жасағаны белгілі. The World Wide Web WWW-ды кең тұрғыда, әлем бойынша қолдану мүмкіндігі тек 1991 жылы ғана мүмкін болды.
XS
SM
MD
LG