Accessibility links

Швейцария банктерінің құпиялылық дәстүрі өзгереді


Швейцария банктері бұдан былай шетелдік бай салымшылардың миллиардтаған долларлық есеп шоты жөніндегі мәліметтерінің құпиялылығын сақтамайтын болады. Швейцария үкіметінің айтуынша, егер шетелдік үкімет белгілі бір адамның салықтан бой тасалап жүргенін дәлелдей алса, онда өз банктеріндегі оның мәліметтермен бөлісетін болады. Швейцария өзінің банк жүйесіндегі құпиялылықты сақтау туралы дәстүрін Үлкен 20-лық ұйымы Қаржы министрлерінің басқосуы тұсында бұзып отыр. Әлемдік қауымдастық осы үдерістің жүзеге асуын қаржылық дағдарыс басталғалы бері қатты талап еткен еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG