Accessibility links

Вьетнамда Ресейдің бірнеше азаматы қаза тапты


Вьетнамнан келіп түскен хабарларға қарағанда, 9 ресейлік турист жол апатынан қаза болған. Автобус жұма күні кешке Далат курортынан Муи Не қаласына бара жатқан жолда апатқа ұшыраған. Оның ішінде 24 турист болған. Бұл апаттан сондай-ақ бір Вьетнам әйелі қаза тауып, кемінде 14 адам жарақат алды деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG