Accessibility links

АҚШ қор биржаларының жағдайы жақсарды


АҚШ қор биржалары қараша айынан бергі ең сәтті аптасын аяқтады. Ал бұл екі арада, банк жүйесі тұрақтануы мүмкін деген хабар шықты.

Осы аптада АҚШ-тың негізгі индекстері көтерілді, атап айтқанда, Доу-Джонс көрсеткіштері 9 пайызға өссе, Standard & Poor's пен NASDAQ 10 пайызға жоғарылады. Талдаушылардың айтуынша, бұған Citigroup пен Америка банкінің жағдайы тұрақтанып, үкіметтен көмек сұрамауы мүмкін деген хабар себеп болған.
XS
SM
MD
LG