Accessibility links

OPEC министрлері Венада жиналуда


Мұнай экспорттаушы елдердің OPEC ұйымындағы министрлер жексенбі күні Венада кездесуде. Австрия астанасындағы жиында картелдің келесі қадамдары мен мұнайдың арзандауы сондай-ақ қаржы дағдарысының кесірінен ғаламдық сұраныстың азаюы мәселесі талқыланады.

Министрлер мұнай өндірісін қысқарту керек пе жоқ па – осы мәселені де қарастырып көруі мүмкін. Қыркүйек айында OPEC ұйымына мүше елдер мұнай тасымалын күніне 4.2 миллион баррелге қысқартуға келіскен болатын. Мұндай шешімнен кейін желтоқсан айында 32 долларға түсіп кеткен бір баррель мұнай бағасы шамамен 46 долларға көтерілген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG