Accessibility links

Иран президенті парламент шешіміне наразылық танытты


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад парламент шешіміне наразылық танытты. Ел парламенті соңғы бюджеттен мұнай бағасын көтеру жөніндегі жоспарды алып тастау туралы шешім шығарған болатын. ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент өзінің наразылығы жөніндегі хатын парламент спикері Али Ларижаниге жолдаған. Мұнай бағасын көтеру туралы ұсыныс үкіметке осы жылы шамамен 20 миллиард доллар пайда әкеледі деп күтілген болатын.
XS
SM
MD
LG