Accessibility links

Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл жарықсыз отыр


Өткен аптадағы боранның салдарынан Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Терентьевка, Мариновка, Николаевка, Егіндібұлақ және Асқаралы ауылдарында жиыны 700-ден астам тұтынушы төртінші тәулік бойы электр қуатынан қол үзіп отыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаментінен.

Наурыздың 12-13 күндері соққан қатты боран кесірінен электр жүйелері апатты жағдайда ажырап, облыстағы елді мекендерде бес жарым мың тұтынушы жарықсыз қалған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG