Accessibility links

Семейлік қаламгер Жазушылар Одағынан шықпақшы


Жазушы Талғат Кеңесбай Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігінен шығатынын мәлімдеді. 1999 жылдан бері шығармашылық ұйымға мүше болып келген Кеңесбай өзінің бұндай шешімге «Одақ басшылығының іс-әрекетімен келіспейтіндіктен» барып отырғанын айтқан.

«Менің жаңа кітаптарымды ешқайсысы керек қылмайды, Жазушылар одағының бір де бір шарасына мені шақырған емес, ұйым басшылығының іс-қимылы кәсіби деуге мүлдем келмейді. Өзімді керек етпейтін ұйымның мүшесі болудың еш қисыны жоқ деп санаймын. Мен одақтан шығып отырған бірінші адам екенімді білемін, бірақ, мұнымен менің шығармашылығым тоқтап қалады деп ойламаймын. Мен өз оқырманыма әлі қуаныш силаймын», - деген қаламгер ҚазТАГ тілшісіне.

1988 жылы Алматыда өткен «Жігер» байқауында лауреат атанған соң Талғат Кеңесбайдың есімі оқырман қауымға танылған еді. Оның «Француз әтірінің иісі» атты шығармасы 9 тілге аударылған.
XS
SM
MD
LG