Accessibility links

Монополияға қарсы агенттік Алматы әуежайының өтінішін қараудан бас тартты


ҚР Табиғи монополияны реттеу агенттігі Алматы халықаралық әуежайы әкімшілігінің жаңадан салынған ұшып-қону алаңына жұмсалған инвестицияны алдағы бес жылдың ішінде ақтау үшін ұшақтарға жерде қызмет көрсету бағасын көтеруді сұрап берген өтінішін қараудан бас тартты. Агенттік өтініш берген кезде белгіленген тәртіп сақталғанын алға тартып отыр.

Алматы халықаралық әуежайы жобаға жұмсаған өз қаржысынан бөлек қарызға алынған 50 млн долларды 2011 жылдың соңына дейін қайтаруы тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG