Accessibility links

«Қазатомпром» басшысы бауырының тұтқындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды


«Қазатомпром» ұлттық компаниясының президенті Мұхтар Жәкішев туған бауырына қатысты кейбір ақпарат құралдарында тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

«Менің бауырымды ешкім ұстаған жоқ. Осыдан бір жыл бұрын бауырыма қысым жасамақ болғандары рас, бірақ ол іс Әблязов жөнінде емес, «рахатгейтке» қатысты болған. Салық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған бауырым сотқа куәгер ретінде қатысып, жауап берген», - деді М.Жәкішев.

М.Жәкішев БТА банктың бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың төңірегіндегі оқиғалардан кейін келесі кезекте «нысанаға ілігетіндер тізімінде» өзінің де аты-жөні бар екендігін жазған «Республика» газетіндегі ақпараттан өзінің бейхабар екендігін айтқан.

Жәкішевтың айтуынша, М.Әблязовқа қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша құқық органдары қызметкерлерінен ешкім оған сұрақпен келмеген.
XS
SM
MD
LG