Accessibility links

Электрондық нотариат жүйесін енгізу жоспарланып отыр


Қазақстанның Әділет министрлігі елде электрондық нотариат ақпараттық жүйесін қолданысқа енгізуді әзірлеп жатыр, деп хабарлады бүгін парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта Әділет министрі Зағипа Балиева.

«Бұл жобаның мақсаты – азаматтар жүргізген сауда-саттықтардың заңдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық қылмыстардың алдын алу, жылжымайтын мүлікті иемденуге құқық беретін құжаттарды қолдан жасау мен алаяқтық оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ, тараптар мен нотариустар жол беретін кәсіпорындарды заңсыз басып алу (рейдерлік) және басқа да заң бұзушылықтарды болдырмау», - деді З. Балиева.

Өз сөзінде министр, егер келесі жылы қазіргі қызметінде қалатын болса, онда депутаттарға жаңа жобаның тиімділігін іс жүзінде көрсетуге уәде берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG