Accessibility links

Ресей оппозиция белсендісі күшпен психикалық ауруханаға жатқызылды


Санк-Петерборда бір оппозиция белсендісі күшпен психикалық сырқаттар ауруханасына жатқызылды. Вадим Чарушев Контакт.ру атты веб парақшада бірнеше оппозициялық топ құрған болатын. Чарушев нақтылай айтқанда, Кремлді Украинада 1930 жылдары әдейі ұйымдастырылған аштық үшін айыптап, сондай-ақ Мәскеудің Кавказда жүргізіп отырған саясатын сынаумен келеді. Ол наурыздың 7-де жындыханаға жеткізілген болатын. Жылжымалы сот Чарушевті осы ауруханаға жатқызу туралы дәрігерлердің ұсыныстарын қанағаттандырды. Оның ол ауруханадағы қазіргі ахуалы мейлінше нашарлауда дейді оппозиция өкілдері.
XS
SM
MD
LG