Accessibility links

Талабани: күрдтердің тәуелсіз мемлекет құруы қиял ғана


Ирақ президенті Жалал Талабанидің айтуынша, күрдтердің Ирақта тәуелсіз мемлекет құру мақсаты қиял ғана. Талабани бұл пікірін Стамбулдағы Әлемдік су форумына қатысуы барысында, Сабах басылымына берген сұхбатында білдірді. Себебі көршілес Түркия, Иран, Сирия елдері өз шекараларын жауып тастайтын болады деді ол. Түркиядағы күрд азшылығының саны-едәуір. Сондықтан ресми Анкара Ирақта күрд мемлекетінің құрылуынан қауіптеніп келеді. Елдерінде күрд азшылығы бар Иран мен Сирияда осыған ұқсас қауіпті ойлауда.
XS
SM
MD
LG