Accessibility links

Назарбаевқа Заид ордені тапсырылды


Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян өз резиденциясында қабылдап, Қазақстан Президентін Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғары мемлекеттік наградасы – Заид орденімен марапаттады, деп хабарланды ҚР Президентінің ресми сайтында.

Қазақстан басшысы өз кезегінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлесі үшін шейх әл-Нахаянға «Алтын Қыран» орденін тапсырған.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы бірқатар құжаттарға, оның ішінде қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге және азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімге қол қойылды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG