Accessibility links

Қарағандылық оқушы қазақ әліпбиі негізінде шифр ойлап тапты


Қарағанды қаласындағы дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінің 11-ші сынып оқушысы Зарина Омарова мектеп оқушыларының олимпиадасында өз туындысы – қазақ әліпбиі негізінде жаңадан жасалған шифрлеу әдістемесін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Ұстаздарының айтуынша, Полибий шаршысы негізінде қазақ әліпбиіндегі 42 әріптің барлығын шаршылай орналастырған Зарина бұл еңбегінде қазақ тілі мен математика принциптерін біріктірген. Оқушыға бұл жұмысты аяғына дейін жеткізу үшін екі жыл уақыт жұмсап, жоғары математиканың негіздерін меңгеруге тура келген.

Бұл жұмысы жоғары бағаланған талантты қызға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің білім гранты табыс етілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG