Accessibility links

Туризм және спорт министрлігі: Азиада-2011 Алматыда өтпейтіндігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды


ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Сайора Искакова сейсенбі күні Азаттық радиосына берген түсініктемесінде, елдегі кейбір ақпарат құралдарында 2011 жылғы Азияның 7-ші қысқы ойындары толықтай Астанада өтетіні туралы жарияланған ақпаратты шындыққа сәйкес емес деп, жоққа шығарды.

«Біз бұл ақпараттың қайдан тарағанын біле алмай отырмыз, ол шындыққа сәйкес емес. Қазір туризм және спорт министрі ісспарамен шетелде жүр, ол келген соң бұл туралы баспасөзге арнайы түсініктеме беріледі», - деді С.Искакова.

Дүйсенбі күні «Kazakhstan Today» агенттігінің сайттарында 2011 жылғы Азия ойындарының бағдарламасындағы спорттық сайыстар 11-ден 6-ға дейін қысқартылып, олардың барлығы Астанада өтпекші, деген ақпарат жарық көрген еді.

2006 жылы Алматы қаласы 2011 жылғы Азияның қысқы ойындарын өткізу құқығына ие болған еді. Былтыр ұйымдастырушылар Азиада-2011 сайыстарын Алматымен бірге Астана қаласында өткізуді бағдарламаға енгізген-тұғын.
XS
SM
MD
LG