Accessibility links

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жарты триллион теңге керек


Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының негізгі қоры 60-80 % тозып ескірген, деп мәлімдеді бүгін өткен үкімет отырысында вице-премьер Серік Ахметов.

«Саланы дамыту үшін, біріншіден, 2009-2011 жылдарға арналған кешенді жетілдіру тұжырымдамасын дайындап бекіту керек, екіншіден, нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі қаржыландыру мәселесін шешу қажет. Жергілікті әкімшіліктердің деректері бойынша, оның құны 500 млрд теңгеге бағаланып отыр. Ондай көлемдегі қаржыны тек қана бюджет есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан салаға жеке инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу керек», - деді вице-премьер.
XS
SM
MD
LG