Accessibility links

Назарбаев араб инвесторларына капиталдарының бір бөлігін қазақстандық банктерге салуды ұсынды


Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сол елдің инвесторларына өз капиталдарының бір бөлігін қазақстандық банктердегі депозиттерге салуды немесе қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл қадам біз үшін барынша пайдалы және сенімді капитал салымы болар еді, бұлар мемлекеттің кепілдігімен өтетін болады. Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниялары өз ақшаларын басқа елдерде, оның ішінде АҚШ-та өте төмен пайызбен ұстайтынын біздер жақсы білеміз», – деді Н.Назарбаев.

Ол Қазақстан «өз тарапынан ол инвестицияларды үкіметтік кепілдікпен қорғауға даяр» екендігін атап өткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG