Accessibility links

Ресейлік әлеуметтанушы Алматыда соққыға жығылған


Наурыздың 15-і күні кешкі сағат 8-дер шамасында ресейлік әлеуметтанушы Максим Тихоновты Алматыдағы танысының пәтеріне кіреберісте белгісіз 3 адам соққыға жығып кеткен. Жапа шегушінің айтуынша, қаскүнемдер оның жеке заттарын алуға тырысқанымен, ол қарсылық білдіріп, алдырмаған.

Дәрігерлер оның бас сүйегі зақымданып, саусағы сынған дегенді айтады. Қазіргі таңда Алмалы ауданының ішкі істер департаментінде осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Жеке шаруасымен Қазақстанға тұңғыш рет келген Ресей азаматы не үшін соққыға жығылғанын нақты айта алмай отыр.

«Мен мұны өз жұмысыммен байланыстыра алмаймын. Себебі, мені аңдушылар Қазақстаннан гөрі мені Ресейде оңай табады», - деді ол сейсенбі күні осы оқиғаға байланысты Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында.
XS
SM
MD
LG