Accessibility links

Ауғандық 4 полицей мен Австралия әскері қаза тапты


Ауғанстанның ішкі істер министрлігі хабарлағандай, бүгін елдің оңтүстігіндегі Қандағар провинциясында бүлікшілер ауғандық полиция күштерін торуылға түсіріп, төртеуін өлтірді.
Сонымен қатар бүгін ауған мен АҚШ бастаған одақтас күштердің Қандағарда бомба жасаушыларды іздеген операциясында жеті күдікті жауынгер өлтірілді.
Және Урузган провинциясында дүйсенбі күні содырлардың австралиялық күштердің көлік керуеніне жасаған шабуылынан бір сарбаз мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG