Accessibility links

Британия премьер-министрі Иранға таңдау ұсынды


Бүгін Британия премьер-министрі Гордон Браун Иран уран байыту бағдарламасын тоқтатса, оның орнына ядролық қуатын дамытуға халықаралық қолдау болады деп айтты.
Браунның айтуынша, Иран халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастық және қатаң санкциялар арасында айқын таңдау жасауы керек.
Құрама Штаттар мен оның одақтастары Иран ядролық қару жасауға қажетті уран байыту жұмыстарын жүргізіп жатыр деп қауіптенеді. Иран оны жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтады.
XS
SM
MD
LG