Accessibility links

Солтүстік Корея Американың көмегінен бас тартуда


АҚШ Мемлекеттік департаменті Солтүстік Корея Американың азық-түлік көмегін алудан бас тартып отыр деп хабарлады. Мемлекеттік департаменттің өкілі Роберт Вудтың мәлімдеуінше, Пхеньян бас тартудың себебін айтпай отыр.

Пхеньянның бұл шешімі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мен сәуір айында алғашқы ғарыш зымыранын ұшыру жөнінде Вашингтонмен арадағы келіспеушіліктен туындап отыр.

Сондай-ақ Роберт Вуд Вашингтонның азық-түлікті қажетсініп отырған елдерге тасымалдануына көз жеткізу үшін үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG