Accessibility links

AIG басшысы Конгресте есеп береді


Бүгін АҚШ Конгресінде Американдық халықаралық тобының басшысы Эдуард Лидди мәлімдеме жасайды. Ол Өкілдер палатасының қаржы қызметі комитетінің сұрақтарына жауап беретін болады.

AIG компаниясы таяуда 400 жетекшісі мен трейдеріне 165 миллион доллар бонус төледі деген хабар қоғам наразылығын туғызды. Тығырыққа тірелген кезінде федералдық бюджеттен 170 миллиард доллар алған аталған сақтандыру компаниясының 80 пайызы үкіметтің меншігінде боп табылады.
XS
SM
MD
LG