Accessibility links

Схеффер: Ауғанстанға қосымша әскер жіберу керек


НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Ауғанстандағы сайлау барысында қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін ол елге қосымша шамамен 4 мың сарбаз жіберу керек деп мәлімдеді. Бұл туралы Схеффер сәрсенбі күні Кабулда хабарлады.

Ол Ауғанстандағы Халықаралық қауіпсіздік күштеріне үлес қосатын 42 елдің өкілдерінен құрылған делегацияға жетекшілік етуде. Сәуірдің 3-де Ауғанстандағы нашарлап бара жатқан жағдайға қатысты НАТО саммиті өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG