Accessibility links

Медведев Молдова мен Днестр маңы аймағының басшыларымен кездесуде


Сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведев Молдова мен оның жікшіл Днестр маңы аймағының жетекшілерімен кездесуде.

Медведев президент Владимир Воронинмен және сепаратистік лидер Игорь Смирновпен жеке кездесті. Кремль ресмилерінің хабарлауынша, Медведев тоқтап қалған 17 жылдық жанжалдың шешу жолдарына қатысты жиын өткізуі мүмкін. Дипломаттар Мәскеу Днестр маңы аймағындағы жанжалды халықаралық арағайындардың келіссөздерін айналып өтіп, шешуді қалайды деп алаңдап отыр.
XS
SM
MD
LG