Accessibility links

Талабани Анкараны күрд көтерілісшілеріне рахымшылық жасауға шақырды


Ирақ президенті Жалал Талабани Түркияны күрд сепаратистеріне рахымшылық жасауға шақырды. Сәрсенбі күні Сабаһ басылымына берген сұхбатында Талабани егер жалпы рақымшылық жарияланса, Күрд жұмысшылары партиясы қаруларынан бас тартып, оларды АҚШ күштеріне тапсыруға дайын болады деп сенетінін мәлімдеді.

Аталған партияны АҚШ пен Еуропа Одағы лаңкесттік топ деп санайды. Сәуір айында Ирақтың солтүстігіндегі Арбил қаласында күрд көтерілісшілеріне қатысты конференция ұйымдастырылмақ.
XS
SM
MD
LG