Accessibility links

Оппозиция жетекшілеріне қатысты сот отырысы жалғасады


Бүгін сағат 14.30-да Алмалы аудандық сотында оппозиция басшылары Болат Әбілов, Асылбек Қожахметов және Төлен Тоқтасыновтарға қарсы қозғалған қылмыстық іске қатысты сот отырысы қайта жалғасады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, оппозиция жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс өткен жылдың қыркүйек айында қозғалған болатын. Оларға аса ауыр қылмыс жасап, халықаралық іздеуде жүрген Есентай мен Жұмабай Байсақовқа Украинадан «саяси босқын» мәртебесін алып бергені үшін «аса ауыр қылмысты жасырушылық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Ал оппозиция жетекшілері мұны билік тарапынан жүргізіліп отырған кезекті қысым деп санайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG