Accessibility links

«Алматыинвестстрой» басшылығы сотқа тартылуда


Үлескерлік құрылысқа қатысушыларға қатысты алаяқтықтық жасады деп айыпталған «Алматыинвестстрой» ЖШС құрылыс компаниясының өкілдері сотқа тартылды, — деп хабарлайды Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

180 үлескердің 1 млрд. 209 млн-нан астам қаржысын қымқырып кетті деген айыппен «Алматыинвестстрой» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс 2007 жылдың 27 шілдесінде қозғалған болатын. Бұл қылмысқа директордың орынбасары мен бухгалтердің де қатысы бар деп танылды. Тергеу анықтағандай, жаңадан құрылғанда компанияның есепшотында тұрғын үй кешендерін тұрғызатын ешқандай активі болмаған. 2004-2005 жылдары айыпталушылар Алматыда тұрғызатын құрылыстары жөнінде жарнама беріп, үлескерлік туралы келісімдер жасаған. Бірақ бұл уақытта құрылыс салынуға тиіс жер әкімшілік тарапынан бөлінбеген.
XS
SM
MD
LG