Accessibility links

Оппозиция қайраткерлері кандидаттар тізімінен алынып тасталды


Бүгін белгілі болғандай, 29 наурыз күні өтетін Алматы қалалық мәслихатының депутаттық сайлауына кандидаттар тізімінен үш оппозициялық қайраткер — «Шаңырақ» қозғалысының жетекшісі Асылбек Қожахметов, заңгерлер Сергей Уткин мен Денис Әлімбековтер алынып тасталған.

Аталған оппозиция өкілдерінің айтуынша, олар «салық декларациясының сәйкессіздігі» сияқты «ойдан шығарылған жалған себептермен» тізімнен шығып қалған. Бірақ олар мұның саяси салдары бар деп қорытынды шығаруға асықпайтындарын айтты. Сондай-ақ олардың пікірінше, өз қарсыластарын, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының өкілдері де бар, жеңіп шығуға толық мүмкіндіктері болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG