Accessibility links

Банкир Роман Солодченко қашып кеткеннен кейін сұхбат берді


«Тұран Әлем Банкінің» бұрынғы жетекшісі Роман Солодченко Қазақстаннан қашып кеткеннен кейін Азаттық радиосына және ҚазТАГ ақпарат агенттігіне екі сұхбат берді. Аталған екі сұхбатта да Роман Солодченко өзінің «банктің күйреуіне» наразылық ретінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болғанын айтады, өйткені оның «банктің қирауына қатысты болғысы келмейді». «Ал, бұл нәрсенің болатынына күмән жоқ», — дейді Роман Солодченко.

Роман Солодченко осы жылдың ақпан айына дейін «Тұран Әлем Банкінің» басқарма төрағасы болды. Бірқатар кадрлық өзгерістер жасалып, үкіметтің қарауына өткен банктің директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның бірінші орынбасары Жақсылық Жәрімбетовтер жұмыстан босатылды, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Қазақстанды тастап кеткен олардың соңынан Роман Солодченко да кетіп қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG