Accessibility links

Солтүстік Корея шекарашылары АҚШ журналистерін тұтқынға алды


Солтүстік Корея шекарашылары Қытай аумағында АҚШ-тың екі журналисін тұтқындады.

Кәріс текті АҚШ азаматтары Қытай жақтан Солтүстік Корея аумағын бейнетаспаға түсірген. Түсірілімді тоқтат деген бұйрыққа бағынбаған оларды шекарашылар өзеннен өтіп келіп Қытайдан тұтқындаған.

Бұл журналистердің Калифорнияда орналасқан жаңалықтар қызметінде жұмыс істейтіндіктері анықталды. Оқиға Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея мен АҚШ-ты өзіне қарсы әскер дайындады деп айыптап отырған кезінде, Корей түбегіндегі жағдай ширығып тұрған тұста орын алды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG