Accessibility links

Қасымов Назарбаевтан «Мерекелер туралы» өзгертуге қол қоймауды сұрады


Сенатор Ғани Қасымов ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мерекелер туралы» заң өзгертулеріне қол қоймауды сұрап, қайырылды. «Менің мәлімдеме жасауымның себебі Парламент қабылдаған заңдық өзгертулердің Конституция күнінің мәртебесіне қатысты тұсы Қазақстанның Конституциясына қайшы келеді», — деп түсіндірді Ғани Қасымов.

Ғани Қасымовтың айтуынша, Қазақстанның Конституциясында Конституция күні мемлекеттік мереке деп көрсетілген, ал Парламент қабылдаған заңдық өзгертулер оған ұлттық мереке мәртебесін беріп отыр, бұл негізгі заңға қайшы келеді. «Ал Наурызды 21-нен 23-не дейін тойлау туралы бөлімді өзгертусіз қалдыруды сұрадым», — дейді сенатор.
XS
SM
MD
LG