Accessibility links

Ирандық блоггер күдікті жағдайда түрмеде қаза болды


Ирандық блоггер Омидреза Мирсаяфи Теһрандағы Евин түрмесінде қайтыс болды. Оның әпкесінің айтуынша, оның 28 жасар бауырының өлімі өте күдік тудырып отыр. Шекарасыз репортерлер ұйымы бұл жаңалыққа байланысты өздерінің қайғырып қалғанын айтып, бұл жағдайды жан-жақты тергеуге шақырды.
Интернетте күнделік жазушы бұл жігіт осы жылдағы ақпанның 7-де Теһран сотының тергеуіне алынып, тергеуден кейін қамалған. Бұл күнге дейін оның адвокаттары соттан үкім туралы ешқандай қағаз алмағандарын айтты. Мирсаяфидің блогы саяси емес дәстүрлі парсы музыкасы мен мәдениет туралы болған.
XS
SM
MD
LG