Accessibility links

Баррозу Украина жетекшілерін ХВҚ-мен ынтымақтастыққа шақырды


Еуропалық комиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу Украинаның дауласып жатқан жетекшілерін Халықаралық Валюта қорынан несие аламыз десе өзара қарамақайшылықтарын реттеуге шақырды. Баррозу бұл үндеуін Брюссельде Украина президенті Виктор Ющенкомен кездесуден кейін айтты.
Халықаралық Валюта қоры экономикалық дағдарыспен күресуге көмек ретінде Украинаға екінші кезекте 16,4 млд несие беру-бермеу мәселесін қарап жатыр. Бірақ президент Ющенко мен премьер-министр Юлия Тиошенко арасындағы даудан кейін елде шешім қабылдау мәселесі тұралап қалғанына байланысты Киев ол қаржыны пайдалана алмай қалуы мүмкін деген қауіп бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG