Accessibility links

Қырғыз парламенті президенттік сайлауды шілдеде өткізу ұсынысын дауысқа салады


Бүгін Қырғызстан парламентінің конституция, мемлекеттік құрылым және заң мәселелері жөніндегі комитеті келесі президенттік сайлау мерзімін 23-ші шілдеде өткізуді ұсынбақшы. Бұл ұсыныс бойынша жұма күні дауыс берулер өтеді. Оның алдында Қырғызстанның Конституциялық соты елде президенттік сайлау қазан айында өтетін болады деп хабарлаған еді.
Онда Конституциялық Сот төрайымы Светлана Сыдықова сайлаудың күнін парламент белгілейтін болады, бірақ президенттік сайлау 2009 жылдың 25-ші қазанына дейін өтуі тиіс деген.
Қырғызстанда соңғы президенттік сайлау 2005 жылы шілдеде өткен болатын. Президент Құрманбек Бакиев сайлауға тағы түсуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG